...

Өмірдерек

                             ЖармағамбетовТобық                                                                                                                   Жармағамбетов Тобық Мырзағұлұлы 1934 жылы Жарқамыс   ауылында туғанЖазушы 1957 жылы Қазақ мемлекеттік         университетінің  филология  факультетін бітірген. 1957-59 жылдары Жарқамыс орта мектебінде мұғалім, 1959-73 жылдары Байғанин аудандық «Жаңа өмір» газетіне жауапты хатшы,  редактордың орынбасары,  Ақтөбе телевидениесінде аға редактор, бас редактор болдыблыстық «Коммунизм жолы»        газетіндеоблыстық мәдени ескерткіштерді  қорғау қоғамында қызмет атқардыҚазақ мемлекеттік 
университетін бітірген (1957), Жарқамыс орта мектебінде          мұғалім болып  қызмет істегенАлғашқы “Ескі жұрт”  атты әңгімесі “Жұлдыз” журналында жарық көрді. Осы                        әңгіме 20 ғ-дың 60жылдарының басында жарық көрген жас
прозашылардың “Жол басы” деп аталатын тұңғыш жинағына                         енді. 1960 жылы Ақтөбе облысы теледидары  ашылып,  Жармағамбетов оның алғашқы бас редакторы болды.   Кейін облыстық “Коммунизм жолы” (қазіргі “Ақтөбе”)  газетінің әдебиет бөлімінде жұмыс жасай жүріпотандық  әңгіме жанрының дамуына қосылған елеулі үлес боп           табылатын      Екі жүрек” (1968), “Қызыл ай” (1970) әңгімелерін, “Нәзік бұлттар” (1966) кітабын жариялайды.  Қаламгердің таңдамалы шығармалары “Ақ жауын” деген   атпен жарық көрді (1984).
    Тобық Жармағамбетов шығармашылық қызметін 50        жылдардың аяғында бастады,ол нағыз талантқа тән  тереңдікпенойшылдықпенсыршылдықпен қалам   тербепуақытзаман талабына сай салиқалы ой,                           салмақты жүк  арқалаған шығармалар жаздыҮлкен                 бір повеске пара-пар «Отамалы» әңгімесі қазақ                   әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл мұра болып қалды.             «Ақ жауын» повесінде 30-жылдардағы қиын кезең туғызған          халық қозғалысын,  сол кездегі   жіберілген өрескел   қателіктерді батыл ашып көрсеттіБәйтеректің жас   шағы»  повесінде халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің өмір жолының       кейбір  сәттерін оқырманға шебер суреттеу арқылы жеткізді. 60-жылдардағы ауыл жастарының тіршілігі,    сырласунәзік сезімшын сүйіспеншілікқазақ ауылының   көрікті бейнесі «Нәзік бұлттар» деп аталатын повесінде        көркем бейнеленді.
 Т.Жармағамбетовтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл  өміріне арнап  жазған «Қара жаңбыр» атты туындысы да  көпшілік оқырман қауымның  ыстық ықыласына бөленді.  Жазушы адамгершілікдостықмахаббат тақырыбына арнап  «Екі жүрек»,«Екі дос», «Менің достарым», «Кішкентай   махаббат» атты әңгімелер жазды.Т.Жармағамбетов есімі  Қарауылкелді селосындағы бір көше мен орта мектепке берілген.                                                                                                                                                                                                                               
                                                        САҒИ  ЖИЕНБАЕВ
                                                           (1934-1994)
   
                                                                 Ардағымарман   қуып  мен  кеткелі
                                                                 Қанша  рет  көктем   келіп, жер көктеді?!
                                                                 Бір  кезде   бөбегім деп тербетіп  ең,
                                                                 Келесің   әлі  күнге   тербеп  мені
                                                                                                     Сағи   Жиенбаев
 
Қазақ   ақыны,   нәзік   сезімдіқайырымды  азамат,  поэзия  зергері   және   ақындардың   әлденеше   буынының   ұстазыСағи  Жиенбаев  1934 жылы  15 мамырда  Ақтөбе  облысының   Байғанин   ауданындағы  Оймауыт  ауылында   туған.
1955  жылдан  Гоголь  атындағы   Қызылорда  педагогика  институтын  бітіргеннен   кейін  Жезқазған   қаласының   10  орта   мектебінде   қазақ   тілі  мен әдебиетінен   сабақ   берді.
1956  жылдан   әдеби  қызметке   ауысып  «Қазақ   әдебиеті»,  «Қазақстан   пионері»  газеттері  мен   «Жұлдыз», «Мәдениет  және  тұрмыс» журналының   редакцияларында  істеді. Ұзақ   жылдар   бойы  «Жазушы»  баспасының   поэзия  редакциясын   басқардыСоңғы   жылдары  «Ақ   Орда»  журналының   бас   редакторы   болды.
С.Жиенбаев   көптеген   жыр   кітаптарының  авторы. Оның   алғашқы  «Қарлығаш» атты  өлеңдер   жинағы, 1959 жылы  жарық   көріп, қалың  оқырманды  ақындық   аса   нәзік   ерекше  тынысымен  баурап  алды.
Өз   тұстастары  Қадыр  Мырзалиев, Тұманбай  Молдағалиев   секілді  Сағи   өмірде де, өлеңде де ерте есейген  ұрпақтың   өкіліСол  ұрпақтағы   поэзия  әлемінде  көрінген  жас   ақындарға   көңіл аударған   ұлы   жазушы   М.Әуезов  ризашылықпен  «Сағи   Жиенбаевтың   бірқатар  өлеңдерін   оқыдымОларда   толып  жатқан   образ, көп   шындық, көпшілікке   ортақ  шындық бар, біртүрлі  еліктіретінсүйсіндіретін,   оқушыға   бас   игізетін   соншалық  шындық  пен  бетке  ыстық   демі  сезіліп   кеткендей   көрінетін   шыншылдық  бар...-поэзияға   керек   нәрсе – осы   шыншылдық»- деп бағалаған. Ата жазушының   ақ   батасындай   осы   сөз   Сағидың   ақындығына  халықтың   үміт   сенімін   арттыра  түскендей   болды.
Ақын   қазақ   поэзиясының   екінші   тынысы  ашылған  60-жылдары  жыр додасының  дулы  ортасында болды. Ойып тұрып өз орнын  белгіледі. Сезімтал лириканың  сирек   құбылыстарының  біріне   айналды. Қазақ   поэзиясын  Сағи  лирикасынсыз   елестету    мүмкін   болмай   қалды.
Балалық  шағы    Ұлы   Отан   соғысы  кезіне  сәйкес   келген   Сағи   небәрі  7  жаста   болған. Оның   әкесі  қуғын-сүргіннің  құрбаны   болып,   үш   жасында  әкеден   жетім   қалып   анасының   тәрбиесінде   өскен.
Ақынның   соғыс   жылдарына   арналған   өлеңдері  қазіргі  Одақ   көлеміндегі  поэзиямыздың   үздік   үлгілерінің   сапында.   «Сыртта  боран   ұлып  тұр», «Оң аяқ», «Боран», «Күткен күн», «Медаль», «Әйелдер», «Жеңістің тұңғыш таңы бұл» - сияқты өлеңдерікөзіңе  жасерніңе  күлкі  шақыратын, өзегіңе   от  тастап,   кеудеңді   тұңғиық   мерей   рахатқа   бөлейтін   озық  туындылар.
«Тарту», «Дала  гүлі»,  «Теңіз  сыры», «Таң алдында», «Қайырлы   таң», «Ақ толқын», «Киік», «Есімде   сол бір көктем», «Әлия», «Гүлдәурен», «Оймауытым», «Бозторғай», «Іңкәр  дүние»  және  басқа   өмір   туралы, табиғат туралы, өмірдің  өткелең өрісі туралы ой-толғауларға  толы өлең кітаптары  оқырмандардың   ыстық   ықыласына  бөленді.
Өзінің 40 жылдық  шығармашылық   қызметінде  Сағи   Жиенбаев   айрықша   ақындық   үнімен    танылдыДүние   құбылыстарын   барынша   шебер   дәрежесіне   көтерген   ол 30-дан астам өлеңдер мен поэмалар кітабының  авторы.  «Қарлығаш» (1959), «Дала гүлі»  (1959), «Сырлы   теңіз» (1969), «Алтын қалам» (1969), «Оймауытым» (1975), «Құралай   салқыны» (1979), «Ақсақал», (1979), «Бозторғай» (1981), «Жарық жұлдыз» (1983), «Іңкәр дүние»  (1983),  «Нан  мен  тұз» (1986) т.б.
Әсіресе   оның  Кеңес   Одағының Батыры  Әлия  Молдағұлова   мен   Нұркен   Әбдіров   туралы   дастандары,   диқандар   жайындағы  өлеңдері   көпшіліктің  жүрегінен  орын алды.
Тарлан   лирик  Қ.Шаңғытбаев  тап   басып   танығандай   «Сағи  лирикасының   ұтымдылығыондағы  шеберлік   пен  шындықтың   шынайы   ұштасуында,   үн  мен ұғымның сұлу үйлесімінде»,- десе, ақын Мұқағали  Мақатаев  «Сағидың  поэзиясы – мен үшін сол жез қоңырау.
Сағи   поэзиясы   сол   жез   қоңырауды  елестетедіСағи  оған сағилық әр, өң, сағилық мінез бермей қолынан шығармайды»-деп бағалайды. Ақын Е. Дүйсенбаев:
«Майсалы самал сайларда
 Майыса есіп майда леп,
 Сайрайды бозторғайлар да:
 «Сағидай жырлау қайда деп?» - деп толғанады.
Сағи   поэзиясы арқылы Қазақстанның   қиыр   түкпіріндегі   ешқайда   құймайтын   кішкентай   Жем   өзені   сонау   Ақ   жайық   пен   Атырауға   ақ   толқын   жамыратып,   Сырмен  сырласыпЕртіске  еркелепКөкше   көріністерімен   жалғасады. «Қарақалпақ   жерінде», «Қарақұм  оттарына» көз   тігіп,  «Ыстықкөл самалына» құшақ ашып, «Кавказ дәптерінен», «Ақеділге» асады. Туған жерге арналған   өлеңдері  сәбилік   сезім  өмірінің   ақырына   дейін  Сағи  суреткерлігінің жібек   желісі,   алтын   арқауы.
 О, туған жер, барымның
 Сәттілері   сенікі
 Балы  болса жанымның,
 Тәттілері  сенікі
 Жүрегімде  жыр болса,
 Наздылары сенікі.
 Көкейімде күй болса,
 Саздылары   сенікі.

С.Жиенбаев   поэзиясының   тәрбиелік   мәні  зор. Онда  туған  жерді   қастерлеу, отанды  сүю, еңбекке  баулу, адамгершілік, табиғат әсемдігін  сезіне  білу   т.балуан   түрлі  тақырыптарға   жазылған   өлеңдері   ән   болып   төгілгенжыр  болып шашылған.

Комментариев нет:

Отправить комментарий