...

Құрметті оқырман!
«Талантымен танылған тұлғалар» блогына қош келдіңіздер!
Ақтөбе өңірі Жем өзенінің бойында туылған талантты тұлғалар ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Тобық Жармағамбетовтың шығармаларының Республикалық, Облыстық деңгейде оқу, акцияларына таңдалуы оқырман үшін мәртебе.
Дегенмен, Тобық қамшының сабындай қысқа ғұмырында нағыз талантқа тән тереңдікпен, ойшылдықпен, сыршылдықпен қалам тербеп, замана талабына сай салиқалы ой, салмақты шығармаларын жазды. Кезінде лайықты бағасын алған басқа туындыларын айтпағанда, жазушының үлкен  бір  повестке пара – пар «Отамалы» әңгімесі  әдебиетіміздің алтын қорына қосылған асыл мұра.
Тума талант жазушы Тобық Жармағамбетов пен ақын Сағи Жиенбаевтың шығармаларын жалпы оқырман қауымға насихаттаған сайын асыл азаматтардың бейнесі биіктей түседі.
Талғампаз оқырман қауым қос қаламгердің шығармаларын бірге оқиық!


«Әйтеке би аудандық ОКЖ»М.М.-нің директоры  Г.Коянбаева