...

Мәдени шаралар


Тобықтың толқын туындысы
Оқырмандар конференциясы

(Тобық Жармағамбетовтың «Отамалы»кітабы бойынша) Кеш өтетін жер талапқа сай безендіріліп  «Таланты мен танылған тұлға» атты кітап көрмесі қойылады.
Жүргізуші:Қайырлы күн,қымбатты оқырмандар!Биыл «Оқитын өлке»акциясына орай жерлесіміз жазушы Тобық Жармағамбетовтың шығармаларын насихаттауға арналған «Тобықтың толқын туындысы» атты оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер!
-Жан дүниесі жас майсадай жұмсақ ұл
Туған жердің ту көтерді ол атын.
Оның үшін осынау бір құм шағыл
Ақындықтың пайғамбары болатын.
Конференцияны ашу үшін сөз аудандық кітапхана директоры-Гүлайым Қоянбаеваға беріледі.
Келесі сөз –аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы –Баязит Құдайбергенұлына беріледі.
Жүргізуші:                          -  Жарқамыс деген бір жер бар
                                                 Жанынан аққан күміс Жем
                                                 Сол жерде мен асыр сап
                                                Сол жерде мен су ішкем,-деп өмірге өлердей ғашық болған,жалынды жүрегі өмір күйін шертіп өткен аяулы азаматТобық Жармағамбетов әдебиет әлемінде жарық етіп көрінді де,жанып үлгере алмай ерте сөнді.Қамшының сабындай қысқа ғұмырында Тобық Жармағамбетов нағыз талантқа тән тереңдікпен қалам тербеп,бүгінгі уақыт талабына сай талғампаз оқырман қауымның рухани қажетін өтейтін туындылар жазып қалдырды. Соның бірі үлкен повестке пара-пар «Отамалы»кітабы.
-Төгіліп түрған таң нұры бақтан
Баурайында  жолықты өрдің
Ақ сағым –елес жаңғырып аққан
Толқыннан бүгін Тобықты көрдім,-
«Табиғат толғағынан туған талант» атты баяндама жасау үшін сөз М.Жұмабаев атындағы мектебінің оқу ісі меңгерушісі Салтанат Қасымбековаға беріледі.
Жүргізуші:                       Терең ойлап,жаққан оты сенімнің
Тірегі боп отбасы мен теңінің
Түлеп ұшқан Байғаниндей өр елден
Тобық аға ,мақтанышым елімнің,-
дей отырып жазушының өмірбаянына  тоқталып өтейік.
Жармағамбетов Тобық
(1934-1973)
Жазушы жерлесіміз Тобық Жармағамбетов 1934 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,Жарқамыс ауылында дүниеге келген .
1957 жылы ҚазМУ-ды филалогия факультетін бітіріп, Жарқамыстағы орта мектепте мұғалім болған.1959-1971 жылы Байғанин ауданы «Жаңа өмір» газетінің жазушы хатшысы,редактордың орынбасары Ақтөбе телевизиясында аға редактор,бас редактор,облыстық «Комунизм жолы» (Қазіргі Ақтөбе) газеті редакциясында,ал 1971-1973 жылдары мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет етті.
Тобық Жармағамбетовтың алғашқы туындысы 1966 жылы шыққан «Нәзік бұлттар» 1968 жылы «Екі жүрек»,1970 жыл «Сентябрь түні»,1977 жыл «Соңғы хат»,1984 жыл «Ақ жауын» атты повестері мен 2002 жылы басылған «Отамалы»  атты әңгіме хикаяттары бар.
Талантты жазушы 1973 жылы қазанда қайтыс болды.Байғанин ауданындағы №2 Қарауылкелді орта мектебінде,Байғанин селосының бір көшесіне Тобық Жармағамбетовтың есімі берілген. Ақтөбе қаласында Ш.Уәлиханов атындағы (бұрыңғы Көкжар) көшесіндегі өзі түрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. 
-Қазақтың әдебиет әлемінде
Тұр бейнең соғылғандай мәрмәр тастан
Халықың  барда есімің мәңгі жасайды
«Ғалымның хаты өлмейді»,-дейді  обастан,
дей отырып ,енді назарларыңызға «Ел есінде сақталған тұлға» атты слайд ұсынамыз.
(Фото слайд көрсетіледі)
Жүргізуші:                      Қадірлі қимас күндер қалды алыста
Дүние бөленеді таңданысқа
Аяулы Тобық аға,нәзік бұлттар
Өзіңді сағынып жүр,Жарқамыста-
Бүгінгі оқырмандар конференциясын әсем әнмен ашайық.
Ән «Нәзік бұлттар» .Сөзін жазған Е.Ашықбаев.Әнін жазған Орал Байсекеұлы.
Орындайтын: А.Оразымбетов
Жүргізуші:            Таланттың «Екі жүрек» , «Нәзік бұлтта»,
 «Қызыл ай», «Сентябрь түні», «Соңғы хатта»,
                               «Отамалы» өмірден береді елес
                              Оқыған жан толқымай қалған емес,
бүгінгі оқырмандар конференциясын өткізгелі  отырған кітаптың мазмұнына қысқаша тоқталып өтелік:
-Жасын ғұмыр жазушы,жерлесіміз Тобық Жармағамбетовтың  «Отамалы» атты әңгімесі –халқымыздың рухани болмысын айқындайтын жан иесіне мейірбандық,рақым,биік адамшылыққа құрылған –мифтын әңгіменің алтын өзегі.Басты кейіпкер Отамалы қойшы,Жапан байдың жалшысы,жоқшылық өмірдің қиындығы туралы айтылады.
Кітапта сондай-ақ «Жан», «Майлыаяқ», «Қаражаңбыр», «Қызыл-ай», «Қара сиыр» т.б әңгімелерден сіздер,сол кезеңдердегі өмір тауқыметінің шынайлығын көресіздер.Кітаптың оқылуы жеңіл,мазмұны қызғылықты.
-Шуақ болып еліңе сен төгілдің
Кір шалмады жүзін таза көңілдің
Алай-дүлей «Отамалы» кезінде
                             Өткергенсің қиын шағын өмірдің,-дей  отырып,бүгінгі конференцияның сұрақтарына келейік:
1-сұрақ: «Отамалы» -тарихи аңыз-әңгімеге құрылған хиқаят.Отамалы деген сөзге түсініктеме бер.
2-сұрақ: Отамалы бейнесі-ата-бабамыздың өткен тарихи күндерінің бір көрінісі.
Жүргізуші:                     -Асуларың көп еді әлі алмаған
Қыран едің ел көгінде самғаған
Келешекке қадам басқан үмітпен
Жас ақынның саған жыры арналған.
№2. Ақырыс Сейітқызы «Кір шалмаған» көңілің». (Тобық Жармағамбетовқа арнау) оқитын Назира Қожахметова
Жүргізуші: 3-сұрақ: Кітаптағы әңгіме-хикаяттардан  сізге ерекше ұнағаны, және ол не үшін?
Жауап
4-сұрақ: «Қара жаңбыр» әңгімесінде автор кім туралы жазған? Қысқаша үзіндіоқып берсеңіз!
Жауап
Жүргізуші:              -Мәңгілік тау тұлғаңды асқардағы
Жырлайды Жарқамыстың дастандары
Аяулы Тобық аға,ұмытпайды
                                  Өзіңді нәзік бұлттар аспандағы,-кезекті тағы да Тобық ағаға арналған арнау өлеңдерге береміз.
№3 Рита Төралина «Жаны жайсаң ағаға» оқитын кітапханашы: Гульназ Басыгарина.
Жүргізуші:             -Шәкірттерге білімнің шамын жақтың
Тартымды прозаңмен елге жақтың
Саңлақтардың додалы жарысында
Жасыңда –ақ дарабоз боп оза шаптың- дей
отырып келесі қояр сұрағымыз : Әңгіме хикаяттары
5-сұрақ: Әңгіме хикаяттарды суреттеудегі жазушының шеберлігімен шынайылығы?
Жауап       
6-сұрақ:Кітаптағы  әңгімелерден алған әсеріңіз?
Жүргізуші:                     Өсіп ек Жарқамыстың ақ құмында
Көріп өмір қиындық,шаттығында
Білім алдық,асыр сап ойнадық біз
                               Атақты Сиыр салған бақтарында,-кезекті жазушының
көз көргендеріне және жазушы туралы естеліктерге береміз.
(Шақырылған қонақтар сөз сөйлейді)
№4. Шахмет Селбайқызы «Тобықты еске алу» (оқитын жүргізуші:-Шамшагүл Досанова)
№5 Батан Отарбаева «Тобыққа» оқитын Гүлсая Жалғасбаева
Жүргізуші:... «Ол ылғи да адам біткеннің жүзінен шуақ,табиғатанамен әдемі бір келсімін тапқан жан сұлулығын,жан тазалығын іздейтін еді. Ғаламаттай әсершіл,нәзік сезімді болатын.Жылы ылтипатын білдіріп тосырқамай ағынан жарылған кісіге екі сөзге келмей құлап түсетін де,ол туралы жүрген жерінде романтикалық әңгіме шертетін.Өзге біреуі жайлы жаманат сөз айту оған мүлде жат»,-деп жазады жазушы Мағзам Сүндетов.Тобық Жармағамбетов жайлы жазылған естеліктермен арнау өлеңдер көп.Оның бәрін бір кеште айтып жеткізу мүмкін емес.Сегіз қырлы тұлға талант Тобық Жармағамбетовтың әзірге біздің қорымызда 28 қанатты  сөзі бар.Соның бірінде «Ер жігіт өзін ойламайды,елін ойлайды»,-деп жазған екен.Ия,автор өзі айтқандай,ол өз елін,туған жерін,табиғатын сүйіп өсті,сүйіп өтті.Адамның бастан кешкен ғұмыры жылжып өткен  жылдармен  емес,оның болашақ ұрпаққа қалдырған ізгі мұрасымен өлшенеді.Хәкім Абай атамыз айтқандай «Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы ,өлмейтұғын артыңда сөз қалдырған»,-дегеніндей Тобық Жармағамбетов өзінің қысқа ғұмырында артына мол мұра қалдырып үлгерді.Ендеше,Тобық аға өлген жоқ.Ол өзінің сүйікті халқына қалдырған мол мұраларымен бірге ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек.
Жан аға,ерте кеттің бұл өмірден,
Жазылған сөзің қалды жүрегіңнен.
Оқығанда әрбір жолын олардың,
                                   Көргендей болам тұғыр биігінен!-дей отырып бүгінгі оқырмандар конференциясын аяқтаймыз.
























Пайдаланған әдебиеттер:
1.     Тобық-тағдыр. Құраст.Әсем Мырзағұлқызы.-Ақтөбе «NOBEL» баспасы,2012-376-404  бет                                                                
2.     2.Сәлем саған,ер Тобық! Құраст.Нұрмұхамбет Дияров.-Ақтөбе.-1994 ж.
3.     3.Жармағамбетов Т.Отамалы .-Алматы:Раритет 2002
4.     4.Қонақбаева А. «Атақ қумаған таланттар».-Ақтөбе:А.Полиграфия-2013-87 бет
5.     5.Кемелбаева А.Отамалы //Ақтөбе -2014 -3 сәуір.-12 бет



 Ел есінде сақталатын тұлға
Интелектуалды ойын
                                   
Жүргізуші:Қайырлы күн оқушылар, оқырмандар, кітапханашылар!Кітап- адамзат ақыл- ойының інжу-маржанын ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп беретін ғажайып құрал. Осы нақыл сөзді негізге ала отырып, қазіргі жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарымызды насихаттау мақсатында  ұйымдастырылып   жүрген республикалық  « Бір ел- бір кітап» және облыстық «Оқитын өлке»акциялары туралы жиі айтылып жүр. Биыл жылы сарапқа салынған бірнеше шығармалардың ішінен оза шыққан жерлес жазушымыз Тобық Жармағамбетовтың шығармалары оқуға ұсынылды. Талғампаз оқырман қауымның рухани қажетін өтеп, ойына орнығатындай тамаша туынды жазу үшін қаламгерге үлкен дайындықпен бірге жалынды жүрек керек. Уақыт сынынан өтетін ондай шуақты шығарма ойы терең,қиялы ұшқыр, құлашы кең, жаны жомарт нағыз сөз зергерінің қолынан келеді.Осындай жазушымыздың бірі- Тобық Жармағамбетов.
Жүргізуші:Ұлы ақын Абай :
Бұл өмірдің қызығы махаббатпен,
Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.
Артында сөзін менен ісің қалса,
Өлсең де өлмегенге боларсың тең!- деп әдебиет әлемінде талай  қыршын жас ақын, жазушы Құйрықты жұлдыздай жалт етіп ағып өткені мәлім. Бірақ солардың ішінде қысқа өмірімен,өз халқы алдындағы перзеттік борышын ақтап кеткен  сол асыл жастардың бірі- Тобық Жармағамбетов. Биыл  көрнекті жазушының туғанына 80 жыл.Осыған орай жазушының қазақ әдебиетін оқушыларға , әсіресе балаларға, оқырмандарға оның өмірін, адамшылық тұлғасын , ақындық талантының шеңберін дұрыс ұғындырып , ой салып , есте қалдырмақ мақсатында бүгін студенттер арасында командалық ойын ұйымдастырғалы отырмыз!
Жүргізуші:                    Терең ойлап, жаққан отын сенімнің,
Тірегі боп отбасы мен теңінің.
         Түлеп ұшқан Байғаниндей өр елден,
  Тобық аға, мақтанышы елімнің.
Тобық Жармағамбетов- 1934 жылы Байғанин ауданындағы Жарқамыс поселкесінде туған. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Шығармашылығы Қазақ прозасында ерекшк құбылыс болып танылған қаламгер.1957 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемл.университетін бітірген соң өз аулындағы мектепте мұғалім, Ақтөбе телевизия студиясында бас редактор болған. Ақтөбе облыстық «Комунизм жолы»  газеті редакциясында, өмірінің  соңғы кездерінде мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет істеген.
«Нәзік бұлттар» 1966 жылы ,«Екі жүрек» 1968жылы, «Қызыл ай» 1970 жылы, «Сентябрь түні» 1973 жылы , «Соңғы хат» 1977 жылы , «Ақ жауын» 1984жылы бір томдық прозалық кітаптары жарық көрген.
Алдымен, бөлімдерімен таныстырып өтейін.
1.Эмблема .
2. Көрініс
3. Сұрақ- жауап
4.Мәнерлеп өлең оқу.
Екі топқа әділ бағаларын беретін Әділ- қазылар мүшесімен таныстырп өтейін.
1.Әйтеке би көпсалалы колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Ешимбетов Ж.
2.Әйтеке би аудандық  «Халықтар достығы» мұражайының қызметкері Ахметов Қайырбек
3.Әйтеке би аудандық кітапхананың кітапханашысы Басыгарина Г.
Ендігі кезекте екі топ эмблемаларын, топ мүшелерімен таныстырып кетсін.
Жүргізуші:                                   Талантың «Екі жүрек» , «Нәзік бұлттар»,
                                                   «Қызыл ай» , «Сентябрь түн», «Хаттар»  хатта.                           «Отамалы» өмірден беред елес,
           Оқыған жан толқымай қалған емес
 –деп жазушының творчествосында айрықша көрінген, үлкен бір повестке пара- пар «Отамалы» әңгімесі әдебиетіміздің алтын қорына қосылған асыл мұра болып қалмақ.
Келесі кезекте әр топ бір шығарманың үзіндісінен көрініс көрсетеді.
Кемел ойдың кеніштерін ақтарып,
Қаламына  шабыт пенен бақ дарып.
                                   Шөліркеген шөлге нұрын сіңіре,
                                   Себелеген жүректерге жатталып.
 Нәзік бұлттар кетпей қойды есімнен,
     Жанның  да мен жан-дүниесін түсінгем.
                                  Арпалысып Отамалың суықпен,
                                   Бұрынғының өмір жыры естілген.-дей келе,келесі бөлім жазушы өмірінен екі топқа сұрақ қойылады. Ең көп жауап  берген топқа ұпай саныда көбірек жиналады.
1.Тобық Жармағамбетов қай жердің тумасы?
2. Жазушының неше жылдығын тойлап жатырмыз?
3.Екі жүрек атты кітабы қай жылы шықты?
4. қандай баспасөз салаларда қызмет атқарды?
5.Бітірген оқу орындары?
6..Қандай шығармаларын білесіңдер?
7.Нұрпейіс Байғаниннің өмір жолын арқау еткен шығармасы қалай аталады?
8.Өмірінің соңғы кезеңінде қай тақырыпқа қалам алуға бағытталды?
Жүргізуші:                       Асуларың көп еді әлі алмаған,
                                           Қыран едің көгінде самғаған.
                                           Келешекке қадам басқан үмітпен,
                                             Жас ақынның саған жыры арналған-деп Ақырыс Сейітқазы жырлағандай, Тобық әдебиет әлемінде жарқ етіп көрінді де,жанып үлгере алмай, беретіннің бестен бірін бере алмай ерте дүние салды. Табиғаттың өзі толғатып туған тамаша таланттың бар асылы бойында кетті. Соңғы сөзі қаламының ұшында қалды.Тобыққа арналып көп естеліктер жазылды. Ендігі кезекте осы естеліктерін мәнерлеп оқуға береміз.
Әділқазылар шешімін шығарам дегенше Тобықтың өмірінен фотоальбомына назар аударыңыздар!
Студенттерді марапаттау.
Бас иетін ізетпен мол дарынға ,
Өмірдің жастық атты гүл бағында.
Қиын екен жас терек құлағаны,
Қиын екен ел- жұрты жылағаны.- деп ақын Мұхтар Құрманалин жырлағандай, тірлікке құштар ,өмірді шексіз сүйген ұлы жан Тобық Жармағамбетов аз жасап, көп арманы көкірегінде кетті. Өз  дәуірін жанартаудай жарып шығып, қара түнде жарқылдаған найзағайдай жалын атқан жазушы, аққан жұлдыздй небәрі 39 жасында дүниеден қыршын кетті.
Жүргізуші:Құрметті оқырмандар! Қазіргі таңдағы басты міндет ұлттық салт-дәстүрімізді, тілімізді, ділімізді жоғалтпау. Ол үшін  рухани қазына – кітап, кітап оқудан қол үзбеңіздер!-дей отырып бүгінгі іс шараны аяқтаймыз! Ат салысып , қатысқандарыңызға рахмет!












Талантымен танылған тұлға 

Танымдық кеші


Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты оқырмандар! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтары. Талантты жазушы Тобық Жармағамбетов қазақ әдебиетіне өзінің ерекше қалам қуатын, тың қадамын таныта келген жаңашыл қаламгер еді. Ол алғашқы туындыларымен – ақ оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленеді. Әдебиет сыншылары Тобық талантын жоғары бағалады. 39 жыл ғұмыр кешкен оның шығармалары күні бүгінге дейін жұртшылық назарында. Бүгінгі «Оқитын өлке» акциясы бойынша Т.Жармағамбетовтың «Талантымен танылған тұлға» атты танымдық кешіне қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Күмбірлей күй естілсе домбырадан
Көңілге шаттық сезім қондырды ән
Шертіп берсін қос ішекті домбыраны
Танымдық  кешімізді бастаймыз.
Күй.
Тобық Жармағамбетов өмір баянына тоқталып өтейік.
Тобық 1934 жылы Байғанин ауданындағы Жарқамыс ауылында туған. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетін бітірген соң туған ауылына келіп, мұғалімдік қызмет атқарған. Алғашқы әңгімелері студент кезінде-ақ көріне бастаған. Жазушы, Байғанин аудандық «Жаңа өмір, облыстың», «Коммунизм жолы» газет редакцияларында, Ақтөбе телевизия студиясында қызмет істеген кезінде еңбек қорлығынан тынбай, талай әңгіме – повестер жазған. Ол өмірінің соңғы жылдарында ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық қоғам төрағасының орынбасары қызметінде істейді. Қай жерде болмасын, айналасындағы адамдар тағдырына араласа жүріп, солардың өмір туралы толғанған, сол толғаныстарын қағазға түсіріп кеткен Тобық бүгінде де ортамызда жүргендей сезіледі. Тірлікте талай рет бірге жүріп сыйласқан ақын Мұхтар Құрманалин.
Тобық қайда кешегі Тобық қайда
Сән еді ғой өмірдің сауық – тойда
Шынымен-ақ кеттіме сапар шегіп,
Енді бізге жарқылдап жалықпайма? – десе ол аяулы досқа деген сарқылмас сағыныш сазынан туған шығар. Ақын жүрегіндегі сол сағыныш – қалың ел сөзіндей ел, тілегіндей. Тобықтың өзі де халқы үшін қалам қуат алмай қызмет етіп, өмірден өтіп еді ғой.
Сөз кезегін кітапхана директоры Г.Қоянбаева Есмағанбетқызына беріледі.
Жыр оқитын Бауешова Сезім «Жан ағаға» 7ә класс.
Жүргізуші: Негізгі тақырыптарының ішінде ерекше орын алатындары адамгершілік, достық, жарқын да, нәзік махаббат, «Екі жүрек», «Қызыл ай», «Кішкентай махаббат», «Екі дос», «Менің достарым», «Тек бір көңіл ғой» туындылары жалпы адами құнды еңбектер болатын. Өмірімнің соңғы кезінде өндіріс тақырыбына қалам тартуға бағыт алған еді. Металл қорытушылар арасында жиі болып, көптеген дүниелер жинаған. Амал не, оның бұл талабы орындалмады. Қамшының сабағындай қысқа ғұмыр үлгертпеді.
Жыр оқитын: «Жаны жайсаң ағаға»Әділжанова Ақтоты 7ә класс.
Жүргізуші: Тобық ұстазының аузынан анда-санда бір шығып қалатын «Өмірдің қатал шындығын» өзінің шығармаларында жазып кетті. Сөйтіп, халқының да түлектен мектебінің де, өскен  ортасының да көңілінен шыға алған оқушы қауымды өзіндік үнімен сүйіндіре білген жұртшылық ілтипатына бөленіп келе жатқан, келешегінен мол үміт күттіргетін жазушы болатын.
Тобық Жармағамбетов шығармаларының тартымдылығы – туған табиғатқа тартып тұратындығында. Ол не жазса да өз өмір сүрген отбасында болған, терең түйсініп, сезінген нәрсені тақырып етіп алатындығы байқалады. Тобық Жармағамбетовтың шығармашылығына шолу жасағанда оның жастар өміріне қарай  бүйрегі бұрып тұратындығын айтпай кету қиын. «Нәзік бұлттар» повесі осының айғағындай. Теміржан – Күнсая – Ілияарасындағы жастық, сезім, адамгершілік мәселелері сәтті шешім тапқан. «Өмірді жеңген өмірдегі жан», «Кішкентай махаббаттағы нығмет», «Үшеудегі», «Қатира», «Күтудегі», «Гүлайрам» бірін-бірі қайталамайтын тағдырлар. Олардың өмірі сан түрлі қиғаштықтарға толы. Бірақ, бәріне ортақ бір қасиет – алдағы күнге үміт артатындығы. Бұл кейіпкерлер сонысымен қымбат оқырманға. Жазушы Тобық Жармағамбеов туралы сөз оның көзі тірісінде де айтылды, әлі де айтыла бермек. Кезінде шығармашылығы ұлы Мұхтар Әуезовтың оң назарына іліккен қаламгерді болашақ оқырмандардың да жатсынбайтынына сеніміз мол. Соғыстан қол – аяғынан айырылып қайтқан жігіттің бейнесі, зары құлақпен естіген, көзбен көргенде кейуананың соғыстағы ұлы туралы «Қара қағаз» алатындағы жәй-күйі өте ауыр әсер туғызады. Одан арғы әңгіме немересі Нияз әкеліп берген кемпір қолындағы көк қағазға ауысады. Оны ыссы жоқ ұстаған адамдай еппен үйдегілерге түгел ұсынды. Ауыр, әлемет ауыр заттай немесе түсіріп аламын ба деп қорыққандай. Көсеумен ұстаған шоқтай. Үйдегілер бірдеңенің болғанын күнілгері сезгендей көрініс еді. Тобық тақырыпты әр алуан сезім – күйлер, тың ойлар, өмірден алынған жан толқыны, тіпті кейбір толғаныстарға оқушыны да ала кетеді. «Соңғы хаттан» дәл осындай сезім аламыз. Соғыста өлген досының қарт әжесінің «Нәзік жүрегін қия алмағандықтан» оны налыптау мақсатында Қасымның атынан он жыл бойы сол болып хат жазу, ақыры ана өмірден озғанда барып шешілі баяндалады. Саматтың психологиялық жан тебіренісі қаламгерлік шеберлікпен өріледі. Сөз кезегін сынып жетекшісіне береміз.
Ақын:
-Жырақ шығып күнделік құр дүбірден
Жарқылдайын ойыммен – шындығыммен
Мұңсыздықтан адамзат кердеңдейді.
Көмкерейік жан отын мұң жырыммен, деп ақынның жырларына берейік. Нұрлыбек Қалауов «Тобық ескерткіші басындағы ой» . Оқитын Басигарина Гүлназ. Оқу залының кітапханасы.
Жазушының нағыз психологиялық шығармаларының бірі – Майлыаяқ. От лап бергенде үйде ұйықтап жатқан кәрі кемпір мен екі жастағы ес білмейтін сәбиден бөтен ешкім жоқ еді деп басталатын бұл әңгіме ерте қаза болған екі пенденің жан тәсіліміне арналады. «Сентябрь түнінде» қазақтардың кескіні қолмен қойғандай баяндалады. Қазақтардың іс-әрекеті жайында жазушы өзі шығып, яки бір герой шығып, жар шақырмайды, қазақшылықты сол қазақтардың өзімен көрсетеді, солардан кейіпкер бейнесін жасайды. Сол бейнелер арқылы казачествоның ішік сарайына кіріп кетіп, оның барлық бет – пішінін, Сұмырайлық әрекетін, елді қана жоса еткенін жұрт алдына жайып салады. «Өлімді жеңген өмір» повесінде тартысқа желеу болған бір жәйт өмір мен өлім арасындағы күрес. Жас маман, университетті жаңа ғана бітірген Жан деген жігіт рак деген аурумен ауырады. Алматы, Ташкент, Москвада көп дәрігерлердің алдынан өтті. Азап, толқу, үміт, суға кетіп бара жатқан адам жан-жағынан қолына ілінер қамыс, қармар бірдеңе ғой. Бұл да сол сияқты «Нәзік - бұлттар» автордың тұңғыш повесі. Теміржан – жас инженер. Күнсая – Мәскеу консерваториясының студенті. Ілия – кинооператор. Бәрі де арманшыл, батыл, ел тұлғасында суреттеледі. Сырласу, нәзік сезім, шын сүйіспеншілік, адамгершілік әңгімеге арқау етілген.
Қазақ ауылының мәні, көрікті бейнесі, табиғат, адамға олардың әсері жаныңа сезіледі. «Нәзік бұлттарда» Күнсаяның сүйе де, күйе де білетін үлкен жүрегінің нәзік те албырт сезім – сезіктерін аша түседі. Күнсаяның көп қасиеттері қазіргі кездегі қазақ қыздарына тән болса ғой деп сүйсініп отырасыз. Қара жаңбыр – басынан аяғына дейін қорқыныш пен үрейді жырлаған поэзия типтес, сезімге әсер ететін шығарма. Он жасар Нияздың жетпіс екідегі кейуана ананың жан тылсымы көзбен көріп, сезім мүшелерімен сезген көріністер көз алдыңнан өтіп жатады. Негізгі тақырыптарының ішінде ерекше орын алатындары – адамгершілік, достық, жарқын да нәзік махаббат «Екі жүрек», «Қызыл ай», «Кішкентай махаббат», «Екі дос», «Менің достарым», «Тек бір көңіл ғой» т.б туындылары жалпы адами, құнды еңбектер болатын.
Жыр. «Тобыққа» М.ҚұрманалинОқитын: Бірлікқызы Ғазиза 7ә класс оқушысы.
Жазушы жерлесіміз Тобық Жармағамбетовтың «Отамалы» атты әңгімесі – халқымыздың рухани болмысын айқындайтын жан иесіне мейірбандық рақым, биік адамшылыққа құрылған – мифтік әңгіменің алатын өзегі басшы кейіпкер. отамалы қойшы Жапан байдың жалшысы, жолшылық өмірдің қиындығы туралы айтылады. кітапта сондай - ақ "Жан" майлыаяқ, қызыл-ай, қара сиыр сол кездегі өмір тауқыметінің шынайлығын көресіңдер. Кітаптың оқылуы жеңіл, мазмұны қызылықты.
Жүргізуші: Аға альбомына тоқталып өтейік. Тобық ағам қандай да мағыналы сәттері де есте қалдыруға мұқият қарайтын еді ғой. Сондай реттен де болар, бірде маған сол кезде екінің бірінің қолына түсе бермейтін әдемі альбом алып келіп берді. «Осыған жақсы күндердің куәсі болатын суреттерді сала бер, кейін жақсы естелік болады», - деген еді ол. Жан ағамның артында қалған жәдігер сынды осы сый менің жанымнан қалған емес. Оның ішінде Тобық ағамның өміріне қатысты да көптеген суреттер бар. Ағам өмірден өткелі қанша жыл болды, оның осы альбомды әкеліп берген сәті көз алдымнан кетер емес.  Ол осындай қимылдарымен бізге тәлім – тәрбие беретін еді. Жақсылыққа қарай жетелейтін, әсемдікке баулитын. Қазір де сол альбомды қолыма жиі ұстаймын. Тобық ағам туралы естеліктерді жинағанда да осы дүниеге көп үңілдік.
Аға берген альбом – мен үшін соншалықты ыстық жәдігер. Қарындасы: Әсем Жармағамбетова.
Ақынның ойы мен мұңына себеп болған өмір оның жүрек жарасын да дауа болған – бұл кітаптар бұл күн әлемдік әдебиеттер биігінің қатарында. Құрметті оқырмандар! Қазіргі таңдағы міндет ұлттық салт – дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді жоғалтпау. Ол үшін рухани қазына – кітап, кітап оқудан қол үзбеңіздер! – дей отырып Ақырыс Сейітқазының «Кір шалмаған көңілің» атты өлеңімен танымдық кешімізді аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. «Талғампаз талант» атты кітап көрмесіне шолу жасап өтейік.














«Сырлы саз назды жырлар»
Әдеби сазды кеш

 1-Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар !
Армысыздар,жыр сүйер талантты жастар! 
                          Сағындым Сағи аға, сырларыңды,
                           Мөп-мөлдір нәзік сезім жырларыңды
                           Аялап өсиетіңді есіме алдым,
                           Аралап ауыл қала қырларыңды-демекші, бүгінгі бас қосуымызда қазыналы қазақ қазынасына ақ дариядай әдемі толқын, әуезді жыр қосқан талантты жерлесіміз Сағи Жиенбаевтың 80жылдығына орай «Сырлы саз назды жырлар»атты Әйтеке би аудандық  кітапханасының оқу залында өткізіліп отырған әдеби сазды кешіне қош  келдіңіздер!
Жүргізуші: Бүгінгі күн, біздің кітапхана  үшін атаулы күн.Жерлес, лирик ақынымыз С.Жиенбаевқа арналған кеш.
                           Таң атса да қиырдан қылаң беріп,
                           Күн батса да қып-қызыл қыран болып.
                           Оймауытым, мөп-мөлдір аспан құсап,
                           Күндіз –түні  мен сені тұрам көріп!- деп жырлап өткен  ақынымыз  С.Жиенбаев 1934 жылы  15 мамырда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Оймауыт ауылында дүние есігін ашқан.Алматыдай гүл қалада саналы ғұмыр кешкен , алпысқа толар таң бозында туған күні (15 мамыр) өмірден озған күніне айналған алты алаштың  аяулы ақыны Сағи Жиенбаевтың есімі әдебиет төрінен ойып орын алғаны даусыз.Ақтөбе өңірінде дүниеге келген лирик ақын  С.Жиенбаев есімі  Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасына берілді.Ақынның есімін иелену кітапхана үшін зор мәртебе болып табылады. Және қала көшесі, Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылының орта мектебі ақын есімімен аталады.
Сөз кезегін  Әйтеке би аудандық кітапхана директоры Г.Қоянбаеваға береміз.
Жүргізуші: Майсалы самал сайларда,
                          Майыса есіп , майда леп
                          Сайрайды бозторғайлар да
                      Сағидай жырлау қайда?!  -деп Есенбай ағамыз жырлағандай, Сағидай жырлай алмаса да Абайша айтқанда «Болмаса да ұқсап бақ» дегендей, бүгінгі«Сағи оқуларына» қатысып отырған Т.Жүргенов орта мектебінің оқушысы Әбден Гүлдананы  С.Жиенбаевтың "Аға" өлеңімен ортаға шақырамыз.  
  Жүргізуші:  Ардағым,арман қуып мен кеткелі
              Қанша рет Көктем келіп, жер көктеді?!
              Бір кезде бөбегім деп тербетіп ең,
              Келесің әлі күнге тербеп мені
 Жүргізуші: ...Иә, қазақ аңсап,нәзік сезімді, қайырымды азамат, поэзия  зергері және ақындарды әлденеше буынының ұстазы С.Жиенбаев поэзиясының тәрбиелік мәні зор. Онда туған жерді қастерлеу, Отанды сүю,еңбекке баулу, адамгершілік , табиғат әсемдігін сезіне білу т.б. түрлі алуан тақырыптарға жазған өлеңдері жыр болып шашылған.
           О, туған жер, барымның
                          Сәттілері сенікі
                          Балы болса жанымның,
                          Тәттілері сенікі
                          Жүрегімде жыр болса,
                          Наздылары сенікі.
                          Көкейімде күй болса,
                         Саздылары сенікі,- деп  жырлап кеткен.
 Жүргізуші: С.Жиенбаевтың сөзіне жазылған
 «Анашым»  әнін қабыл алыңыздар орындайтын Мираш Самрат  
 Жүргізуші: Ақын Сағи Жиенбаевтың  жауһар жырлары  әр жылдары «Қарлығаш», «Сыйлық», «Дала гүлі», «Теңіз сыры», «Таң алдында», «Менің көршім», «Қайырлы таң», «Ақ толқын», « Ор киік», «Алтын қалам», «Оймауыт», «Ақ самал», «Құралай салқыны», «Бозторғай», «Нан мен тұз», «Жарық жұлдыздар», «Жер құдыреті» атты жинақтары арқылы қазақтың кең даласына жылы сәулелерін таратты.Ал таңдамалы өлеңдері мен поэмалары «Жадымдасың жас күнім», «Іңкәр дүние» және үш томдық таңдамалы шығармалар  жинағына топтастырылды.
Өлеңдеріне қазақ композиторлары  көптеген ән шығарған  ақын көрнекті қазақ композиторы  Ғазиза Жұбанованың «Еңлік-Кебек» және композитор Базарбай Жұманиязовтың Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Махамбет» операларының либреттоларын жазды.

Жүргізуші:
Сағи Жиенбаев өз тұстары  Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев секілді өмірде де, өлеңде де ерте есейген ұрпақтың өкілі. Сол ұрпақтағы поэзия әлемінде көрінген жас ақындарға көңіл  аударған ұлы  жазушы  Мұхтар  Әуезов ризашылықпен «Сағи Жиенбаевтың бірқатар өлеңдерін  оқыдым. Оларда толып жатқан образ, көпшілікке ортақ шындық  бар, біртүрлі  еліктіретін,  сүйсіндіретін, оқушыға бас  игізетін  соншалық  шыншылдық  бар...- поэзияға керек нәрсе осы шыншылдық  деп бағалаған.
Жүргізуші: Ақиық ақын М.Мақатаев  «Сағидың поэзиясы – мен үшін жез қоңырау. Бірде-бір артық сөз жоқ ,бірде-бір тәртіпсіз буыны жоқ, артық өлшем, жетпей жығылу, дегендерді іздесе таптырмайтын Сағи поэзиясы сол жез қоңырауды елестетеді»- деген екен. Бұған бүгін өздеріңізде куә болып отырсыздар!!!
Бұлдырап кеткен сағымдай
Еске алып сонау шақтарды.
Аттарын атап жаңылмай
        Түгендеп шығам қарттарды- деп ақын
сөзімен айтқанда , ел-халқының жүрегінен орын алған сүйіп айтатын Сағидың сөзіне жазылған ән: «Армысыңдар,бауырлар» орындайтын Ахметов Галымжан 

Жүргізуші:    Есіңде...
                                    Ұлын бесіктен
                                  Шығарған күні есінде,
                                  Ұлының аттап есіктен...
                                Қуанған күні есінде –деп жырлаған ақын өлеңдеріне кезек берелік.
Өлең оқу: С.Жиенбаев "Көк жүзінен көп жұлдыздар тараған" оқитын Т.Жүргенов орта мектебінің 11-сынып оқушысы Аманжолқызы Жанна        
 Жүргізуші:  «С.Жиенбаев – лирик. Өлеңді қадір тұтатын қауым Сағи лирикасын неге жақсы көреді?Өйткені өмір бар ол өлеңдерде. Ыстығы мен  суығы, кермегі мен тәттісі қым- қуат араласып, астасып жатқан дүнияуи өмір. Ол өлеңдердің авторында сол шындықтың бір тамшысын қалдырмай өз көкірегіне толтырып, сосын дос көкірегіне қайта құйып беретін адал сезімталдық бар», - деп өзі де сезімталдықпен сыр шерткен Қуандық Шаңғытбаев пікірі көпшілік көкейіндегі ой болса керек-ті.

Жүргізуші: «Ақынның әрбір өлеңі ашық хат – елге ғашық хат»,-деп Есенбай ақын жырлағандай Сағи шығармашылығы әдебиетіміздің алтын қорына еніп, халық жүрегінен мәңгілік орын алып келеді және ала бермек.
1-Жүргізуші:Алтын қаламды ақын,зерделі сөздің зергері С.Жиенбаевтың жырлары бізбен бірге оянды,бүгін сіздермен тыңдаған жырлары,шырқалған әндері уақыт озған сайын, ұрпақтар толқыны жаңарған сайын, баршамыздың  жадымызда мәңгі жаңғырады. 

1-Жүргізуші: Бүгінгі кешке қатысып, ақынның сыршыл поэзиясын тыңдарман жыр сүйер қауымның жүрегіне жеткізе білген талантты жастарымыздың қатары көбейе бергей деп тілейміз.  Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!
 Амандықпен жүздескеншесау-саламатта болыңыздар!                                              









Комментариев нет:

Отправить комментарий